Түркияда ұлттық негізде жасалған жаңа әлеуметтік желі пайда болды

/uploads/thumbnail/20250818165449172_big.webp

Түркияда жаңа әлеуметтік желі ашылды. Түркияның мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желіде алғашқы жазбасын жариялады. 

Ол өз парақшасына "Бір тал гүл бетон тасты жарып шықты... Дайынсыздар ма?" деп жазды Ердоған. 

Шілде айынан бастап бета нұсқасы іске қосылған T3 Foundation және Baykar қолдауымен әзірленген түрік ұлттық әлеуметтік платформасын 500 мыңнан астам адам жүктеген. Бұл платформаның басты ерекшілігі түрік тіліне негізделіп жасалған. Сондай-ақ T3 AI жасанды интеллект моделіне сай жасалған платформадағы жазбалар мен пікірлерге уақыты талдау жасалады. Baykar Директорлар кеңесінің төрағасы Селжук Байрактар осы жобаның негізін қалаған. 

Аталған қосымша App Store және Google Play түрік сегментінде тегін әлеуметтік қолданбалар санатында көш бастап тұр. Платформада технология, ғылым, күнделікті өмір мен елдегі өзекті оқиғаларға қатысты жазбаларға баса назар аударылады. 

Қатысты Мақалалар