Өзбекстан Ауғанстанда екі электр беру желісі мен екі қосалқы станция салуға 243 млн доллар инвестиция жасайды.
Ауғанстанның экономикалық мәселелер жөніндегі вице-премьері Абдул Ги Барадар мен Өзбекстанның Энергетика министрі Жүрабек Мырзамахмудовтың қатысуымен Кабул қаласында келісімге қол қойылды.
Жобаны бір жарым жылда аяяқтау жоспарлануда. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін Ауғанстан Өзбекстаннан 800-ден 1000 МВт-қа дейін электр энергиясын ала алады.
Ауғанстандық DABS компаниясының айтуынша, электр энергиясын импорттау ауыл шаруашылығын дамытуға, жұмыс орындарын құруға көмектеседі.