Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесіне Давос форумында жарияланған ресми құжатқа назар аударған. Онда «Дональд Трамптың 365 күндегі 365 жеңісі» деген тізімнің 177-ші жеңісі ретінде Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы көрсетілген.
Сонымен қатар, Тоқаев Дональд Трампқа ішкі саясатты «ақылға сай» жүргізуде сәттілік тілеген.
Өз кезегінде АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейбітшілік кеңесін құру бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.