«Аяғың тым ұзын» деп спортшыны ұшақтан түсіріп жіберген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709230507317_small.png

«Факел» атты ресейлік волейбол клубының ойыншысы Александр Кимеревті аяғының ұзындығына байланысты Самара-Мәскеу бағытында ұшатын әуе ұшағынан түсіріп жіберген. Бұл туралы журналист Петр Кондаков өзінің Facebook парақшасында жазды.

Александр Кимиревтің бойы 215 сантиметр екен. Ол орындыққа сыймағандықтан басқа жолаушымен орын ауыстырған. Алайда бұл «Победа» әуе компаниясы қызметкеріне ұнамай, ол спортшыны өз орына қайтарып, кейінірек волейболшының аяғы жолсеріктердің жүруіне кедергі келтіргенін айтып, командирге шағым түсірген.

Ұшақтың ұшу уақытысы 40 минутқа кешіктірілді. Бортқа полицейлерді шақырған. Олар Кимеревті ұшақтан шығарып жіберген. Болған оқиға видеоға түсірілді. Видео авторы "Победа" әуе компаниясының өз ережелері бар екенін және клуб спортшының ұзындығын ескеріп, дұрыс орын таңдауы керектігін айтқан.  

Қатысты Мақалалар