Үндістанда Covid-19 күшейіп, денсаулық сақтау жүйесі ауыр қысымға ұшырады –BBC

/image/2021/04/23/crop-21_19_517x943__118167384_gettyimages-1232471952.jpg

"Үндістанның денсаулық сақтау жүйесінде хаос орын алды. Covid-19 жағдайының рекордтық өсуі ауруханаларға қысымды арттырып, оттегі қорлары жетіспей жатыр" деп хабарлайды BBC.

Отбасылар ауыр хәлдегі туыстары үшін алаңдаулы. Кейбір науқастар бірнеше сағат бойы емделусіз қалған.

Басылым крематорийлер жерлеу рәсіміне арналған жұмыстарды қауырт ұйымдастырып жатқанын жазады.

Жұма күні Үндістан коронавирустың 332 730 жаңа жағдайы туралы хабарлады. Бұл екінші күн қатарынан ең жоғарғы көрсеткіш. 24 сағат ішінде қайтыс болғандар 2263-ке жеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар