Израиль атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20250624131341934_big.webp

Израиль үкіметі Иранға қарсы әскери операция барысында барлық мақсаттарға қол жеткізілгенін, тіпті кейбір нәтижелер күткендегіден асып түскенін мәлімдеді. Осыған байланысты Тель-Авив АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған атысты тоқтату туралы бастаманы қолдайтынын хабарлады.

24 маусым, сейсенбі күні таңертең Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі атысты тоқтату режимінің күшіне енгенін растады. Үкімет басшысы өзінің кабинетіне Израильдің барлық әскери міндеттерді орындағанын жеткізген.

Сонымен қатар, Израиль тарапы егер бітім шарттары бұзылатын болса, оған қатаң жауап қайтаратынын ескертті.

Бұған дейін Иран өз мәлімдемесінде, егер сейсенбі күні Тегеран уақытымен сағат 4:00-ге дейін (Астана уақытымен 5:30) Израиль тарапынан шабуыл тоқтатылса, Тегеран да жауап шараларын доғаратынын хабарлаған болатын.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар