Бәріміз тұтынушымыз. Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастар заманында белгілі бір тауар өнімін сатып алу бізді біраз әбігерге салатыны шындық.
Себебі тауар түрлері өте көп, тіпті оны өндіретін зауыт, фабрикалардың түрлерін саусақпен санай алмайсыз, бүгінде. Нарық болған соң барлық жерде баға да әртүрлі, кейде сапасы бағасына сай келмейтін өнімдерді сатып алып «қап, әттеген -айлап» жатамыз. Күнделікті тұтынатын азық түліктің ішінде сүттің алар орны бөлек. Cүт ешқашан сұраныстан кетпейтін тауар болғандықтан бүгінгі зерттеуде дәл осы өнімге тоқталмақпыз.
Егер жолыңыз түсіп дүкенге не сауда орталықтарына барып қалсаңыз сүт сататын орында лек-лек, рет-ретімен қойылған түрлі-түрлі сүттерге көзіңіз түседі. Нарықта отандық сүт өнімдері де, шеттен келетін сүт өнімдері де бар. Бүгінде нарықта отандық өнімдердің көбеюі, шын мәнінде қуантады. Сүттің майлылығына байланысты бағалары да әртүрлі. Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісі арнайы сараптама жүргізіп нарықтағы сүттің қайсысы сапасы жағынан да, бағасы жағынан да тұтынушыға қолайлы болатынын анықтап көрді.
Сараптама барысында Алматы қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірі «Магнум» мен «Оптовка» базарындағы сүттердің түрлері мен бағалары зерттеліп қарастырылды, тұтынушылардың пікірлері ескерілді.
Негізінен алғанда нарықта табиғи сүт түрлері саусақпен санарлық. Мұндай өнімдерге Қырғызстандық «Үміт» компаниясы шығаратын сүтті жатқызуға болады.
Бұл сүттің жарамдылық мерзімі 5-6 күн. 3,2%-дық, 1литр. Базардағы бағасы-190 теңге, ал «Магнум» сауда орталығында -215 теңге.
Сонымен бірге Қазақстанда жасалатын Талдықорғанда өндірілетін мына сүт. Оның да жарамдылық мерзімі 5-6 күн ғана. Талдықорғанның сүтінің бағасы майлылығына қарай бағасы 150 мен 170 теңгенің арасын құрайды, 2,5% - 150 теңге, 3,2%-170 теңге.
«Оптовка» базарында ғана кездескен «Разия» аталатын сүт те тұтынушылар арасында сұранысқа ие екен.
Оның жоғарыда аталған сүттерге қарағанда бағасы қымбаттау. 3,2% майлылықта ғана сатылатын бұл сүт 230 теңге тұрады.
«Магнум» мен «Оптовка» базарында сүт бағаларында айтарлықтай айырмашылық бар.
«Оптовка» базарында сүт бағалары 150тг-ден бастап 260-270тг-ге дейін барады.
Мәселен, мына сүт жаңадан шығып жатқан Үштөбеде шығарылатын «Айдын» сүті. Оның бағасы 150-160 теңгені құрайды.
Жарамдылық мерзімі тез өтетін табиғи сүт болғандықтан оны ұзақ уақыт сақтау қиын дейді сатушылар.
«Бурлинское» сүті «Магнум» сауда орталығында кездескен жоқ.
Базар сатушыларының айтуы бойынша «Петропавлское», «Просто» сүттерінен кейінгі сұранысқа ие сүттердің бірі осы.
«Петропавлское» сүті базарда майлылығына қарай 6%-260 тг, 3,2%-235тг. тұрады.
Ал «Магнум»-да 3,2%-249тг, 6%-275тг. сатылады.
«Одари» сүті базарда 6%-270тг, 10%-370тг. тұрады
Ал "Магнум"-да 2,5%-287тг, 3,2%-315тг. екен.
«Милоко» сүті 6%-230, 10%-260, 2 литрі 420-470 теңге аралығында.
«Мумуня» сүтінің 2 литрі базарда 450-470 теңге аралығында.
Ал сауда орталығында 2,5%- 435 теңге, 3.2%-459 теңге
«Зоркин лук» сүті базарда -180 теңгеден басталады, ал «Магнум»-да төмендегідей бағада
«Свежее» сүті базарда 230 тг басталады
"Магнум"-да 235-250 тг аралығында
«Адал» базарда 3,2%-250тг, 10%- 420 тг. "Магнум"-да төмендегідей бағада
Базарда ұнтақ сүт бағалары 230-бен 260 тг. арасында құбылады.
Тұтынушылар не дейді?
Тұтынушылардың көпшілігі нарықтағы сүттің бағасы мен сапасы сәйкес келмейтіндігін айтады. «Табиғи емес. Өсімдік майларын қосады, Сүтті таңдағанда шығарушы зауытына мән береміз. Мысалы Фуд Мастер, Лактель, Мое сүттерін таңдаймыз»-дейді тұтынушылардың бірі.
Сатып алушылар сүтті майлылығына қарай таңдайтындықтарын жеткізді. Көпшілігі пакеттегі сүттің айырмашылықтарын байқамағандығын айтады. Сүттің қоюлығы мен дәміне мән беретіндер көбіне 6%-дық сүтті сатып алады екен.
«Сүттің сапасына ма әлде бағасының тиімділігіне мән бересіздер ме?» деген сұраққа тұтынушылар сүттің сапасына да, бағасына да мән беруге тырысатындықатарын білдірді. Дегенмен, сүт сапасын қалай анықтау керектігін, жалпы сүт дәміндегі айырмашылықтарды сезінбейміз дейтінде де табылды.
Сүт сатушылары не дейді?
«Оптовка» базарының сатушыларының айтуынша көпшілік тұтынушылар «Петропавлское» сүті мен «Просто Молоко» сүтін жиі алады.
«Нарықта табиғи сүттер арасында Талдықорғанның сүті мен Разия сүті жақсы сатылады. Ал ұнтақ сүттерден «Бурлинское», «Свежее», «Петропавлское» сұранысқа ие»- дейді «Оптовка» базарындағы сүт өнімдерін сатушы Ринат Тамаязов. Сатушының айтуынша көпшілік тұтынушылар сүтті қолайлы, тиімді бағада алуды жөн көреді.
Негізінен алғанда табиғи өнімге жететін нәрсе жоқ. Себебі ол сапа. Алайда мұндай сүттердің жарамдылық мерзімдері бірнеше күнді ғана құрайтындықтан тұтынушылардың көпшілігі ондай тауарды сатып алып тәуекел еткісі келмейді. Дегенмен, табиғи сүт өнімін қалаушылар үшін Талдықорған облысында шығарылатын сапасы да, бағасы да тиімді сүтті ұсынамыз. Тиімді бағада «Оптовка» базарынан алуға болады. Тұтынушылар тарапынан да, сатушылар тарапынан да жоғарғы бағаға ие бұл өнім шын мәнінде сапалы деуге әбден лайықты. Сонымен бірге, бұл отандық өнім.
Табиғи сүт арасынан Қырғызстан шығаратын «Үміт» компаниясы өндіретін сүтті алуға да әбден болады. Сапасы жоғары, арнайы корапшасы ыңғайлы жасалған. Бұл компания қаймақ та өндіретінін атап өтуге болады.
Ұнтақ сүт
Ұнтақ сүт арасынан тұтынушылардың көңілін жаулаған «Петропавлское» мен «Мое» сүтін ерекше атап өтуге болады. Бағалары келетін болсақ, «Магнум» сауда орталығынан бірінші сүт 249-275 тг. аралығында сатылса, базарда 235-260 теңгеге сатып ала аласыз.
Ең арзан сүт
Базардағы ең арзан сүттің бағасы 150 теңгені құрады. Ол жаңадан келген Үштөбелік «Айдын» табиғи сүті. Ұнтақ сүттерден «Бурлинское» сүті бағасы ең арзаны екені анықталды. Ол 190 тг. тұрады. Ал сауда орталықтарында баға көбіне көтермеленіп қойылатындықтан сапасы нашарлау бірақ бағасы қымбат сүттерге ұрынып қалуға болады.
Қорытындылай келе, нарықтағы сүттердің бағаларының әр алуан болуы мынадай негізгі факторларға байланысты екенін аңғаруға болады:
1. Сүт бағалары майлылығына қарай өзгеріп отырады. 3,2%, 2.5%, 6% майлылықтағы сүт бағалары тиісінше әртүрлі.
2. Сүт салынатын қорапшалардың қаттылығы мен жұқалығына қарай да баға көрсеткіші өзгеріп отырады.
3. Соңғы және басты фактор, сүт өнімінің компаниясының нарықтағы танымалдылығы бағаға қатты әсер етеді.
Сараптамада байқағандарыңыздай, жоғарыда аталған "Бурлинское" сүтінің "Адал" сүтінен сапасы жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек "Адал" сүтінің брендінің танымалдылығы бағасы мен сатылымына әсер етеді.
Бағасының қолайлығы мен сапасының жоғарылығы- қайсысына көбірек мән беріп таңдау жасау әр тұтынушының өз еркінде. Десе де, «сапалы» өнімдер еш кедергіге қарамастан өз қолданушыларын табады.
Назерке МҰСА