«ЖАРМАҚ» НЕМЕСЕ ЖАҢА РОМАНДАР

/uploads/thumbnail/20170708161010491_small.jpg

Мұхтар Мағауинның «Жармақ» романы жарияланғалы да біраз уақыт өтті. Әркім әртүрлі пікірін айтты. Классиктің дәстүрлі жазу үлгісіне үйреніп қалған жұрттың тосырқайтын да жөні бар шығар. Бірақ бұған дейінгі пікірлердің ішінде «Жармақ» өмірге келген кеңістік категориясына «құдықтың түбіндегі бақаның көзімен» қарау басым болды. Ең көп айтылған уәждің дені - «Жармақтың» көркемдік өресі төмен, қарабайыр жазылған, публицикадан аса алмаған» деген сыңайда болды.

10877406_334501243422092_822833487_n Mutluluk
Орхан Памуктің «Менің атым Қызылын», Мо Яньның «Шарап елін», Зюльфю Ливанелидің «Стамбул бақыты» романдарын бір шолып шыққан адам Мұхтар Мағауиннің де стиль алуан түрлі, нені іздесең сол бар, проза жанрының «берекелі дастарханын» оқырамнына жайған шеберлігіне, жаңашылдығына көз жұмбас еді.
Бір денеден екіге жарылған Мұрат пен Мараттың трагедиясы арқылы қазақ халқының қазіргі жағдайын, өкініші мен өксігін әлемге көрсете алатын «Жармақты» парақтап отырғаныңызда Анталья туралы шырын қиялыңыздың шырқын бұзатын Зюльфю Ливанелидің «Стамбул бақыты» еске оралады.

Ырысбек ДӘБЕЙ

Қатысты Мақалалар