Бұрынғы Совет Одағын "Кеңес Одағы" деп жазатындарды түзей-түзей шаршадым. Орыстың "совет" деген сөзі біздің тілімізде кеңес болып аударылатын шығар, бірақ аты мүлдем өшкір Совет Одағын "Совет Одағы" деп жазу керек әм айту керек. Кеңес сөзі қазақ тілінде ақылдасу, кеңесу, ойласу, т.б. деген мазмұнға ие. Халықты аяусыз қырған, ақылды бастарды тыңдамаған, көппен кеңесу, ойласу былай тұрсын, өзі білмеген, білгеннің тілін алмағын Совет Одағы қазақтың кеңесінен садаға кетсін. Оның үстіне әлгі Одақ тарихқа Совет Одағы болып енген. Халықаралық атауы Soviet Union. Енді оны әкеліп бұрмалап, қазақшалаудың қажеті жоқ. Әріптестер, осыны ескере жүріңдерші.