Жаңалықты Батыс пен Шығыс қалай жеткізеді?

/uploads/thumbnail/20170708171052517_small.jpg

Жаңалық жеткізудегі Батыс пен Шығыстың қайталанбас өз ерекшеліктері

Батыстың адамы көршісіне: "Бүгін Мистер кіші Смит Мистер Аткинсонның жалғыз қызы Джейнге үйленіп жатқанын естідіңіз бе? Таңертең Дорчестердегі шіркеуде некелерін қиыпты. Кешкі 5-те ресми дастарханы екен. Мистер үлкен Смит есіңізде шығар, біздің Ньюбериде туып өскен, су шаруашылығын басқарған, кейін Дорчестерге көшкен. Ал мистер Аткинсонның шешесі Миссис Уильямс - осы көшенің басында тұрған Грейлердің жалғыз қызы, кейін Дорчестердің бухгалтеріне күйеуге тиген".

Шығыстың адамы көршісіне: "Біздің Ақбұлақтан Қарағандыға көшіп кеткен Тенгебаев Сәбит есіңде ме? Ой, әлгі қырманшы Сейіттің үлкен ұлы ше? Иә, сол 56 Сәбит қой. Қарағандыға барып өсіп кетіп еді ғой, ауыл шаруашылығы басқармасына кіріп. Сосын әлгі Қадишаны білуші ме ең? Жәкен атаның ортаншы қызы ше сенің Бақытыңмен қатар оқыған? Бізден үш жыл бұрын сегіз жылдықты бітіріп Семейге педучилищеге кеткен ше? Ол да кейін Қарағандыға барып университетке кіріпті ғой мұғалім боп. Бүгін сол Сәбиттің кенже ұлы Қадишаның қызын алып жатыр екен. Тойын ресторанда жасап жатыр дейді. Ауылдан екі жүз адам шақырыпты".

Батыс менталитеті үшін жаңалық кіріспеде (интро) хабарланып кетеді де, сосын айшықтау (бэкграунд) айтылады. Шығыс менталитетінде айшықтау (бэкграунд) үнемі алда жүреді де, жаңалықтың өзі соңында айтылады. Былайша айтқанда Батыста шежіре соңында, ал Шығыста басында айтылады:) Батыстың көптеген медиа мамандары Шығыс елдерінде жоба бастағанда, я тренинг өткізгенде осы ерекшелікті ескермейді.

(Ғалым Боқаштың фейсбуктегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар