Палестиналық әйел террористік поэма жазғаны үшін сотталды (видео)

/uploads/thumbnail/20171027160935793_small.jpg

Біз бүкіл әлемді қолымызда, қалтамызда, әмиянымызда табылатын смартфонға сыйдырып алғанбыз. Одан керегімізді іздеп, барымызды ақтарып, жазба қалдырамыз. Сол әлеуметтік желіге жариялаған пост үшін сотталып кететініңізді білсеңіз де «жолдау» сілтемесін басар ма едіңіз?

Палестиналық Дарин Татур есімді ақын әйел 2015 жылы әлеуметтік желіге поэмасын жариялаған. Содан бастап Израиль сотының тергеуінде жүр. Оның жазған поэмасында терроризмге шақыратын жолдар бар екендігі анықталған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сүйене отырып жазады.

2015 жылдың 11 қазанында полиция қызметкерлері Назарет қаласына жақын маңдағы үйге келіп, қоғам белсендісі және ақын Дарин Татурды алып кетті. Оның жазығы «Қарсылас, халқым, қарсылас» атты өлеңін желіге жариялағаны. Бастапқыда, оның поэмасы қоғамдағы зорлық-зомбылықты күшейтеді деп айыпталса, бір айдан соң «террористік ұйымды қолдау үшін жазылған» деп танылды. Ол 400-ден астам палестиналық әлеуметтік медиа-посттары үшін қамауға алынды.

reuters

Өлең мазмұнында «Палестина мен Израиль арасындағы соңғы қақтығыс туралы жолдар бар болғанымен, кәдімгі оқып жүрген туындылардан еш айырмашылығы жоқ» деп жазды батыс басылымдары.

Израиль мен Палестина арасында жалғасып келе жатқан қақтығыс қаншалықты қиын болса да, әлеуметтік желіде жазған жазбасы үшін сотталып жатқан жағдай алғаш рет орын алып отыр.

Дарин әлі күнге дейін полиция бақылауы астында, оның соты әлі үш айға созылмақ. Егер сотталса 8 жыл бас бостандығынан айырылғалы тұр. Төменде Дарин Татур поэмасының қазақша нұсқасы берілді:

Қарсылас, халқым, қарсылас

Иерусалимде, жарамды киіп, қасіретіммен дем алдым

Араб Палестинасы үшін. 

Жанымды алақанда ұстадым

Мен «бейбіт шешімге» қарсы емеспін

Менің туым ешқашан төмен түсірілмейді

Олар менің жерімнен шықсын

Оларды жақын арада шығарып тастаймыз.

Қарсылас, халқым, қарсылас

Қарсыластың тонауына қарсы тұр

Шейіт керуендерін ұстаныңыз. 

Ұятсыздар конституцияны да бұзды

Тоздыратын және қорлайтын

Әділеттілікті қалпына келтіруден бізді қорқытты.

Олар кінәсіз балаларды өртеді;

Хадилге келер болсақ,

Күндізгі уақытта оны өлтірді.

Қарсылас, халқым, қарсылас

Колонизатордың шабуылына қарсы тұр.

Арамыздағы сатқындарға ақыл бермеңдер

Бізді бейбіт елесімен байланыстыратын кім.

Күмәнді тілдерден қорықпа;

Жүрегіңдегі шындық күшті,

Қарсылас халқым, қарсылас...

(Поэма ағылшын тілінен аударылды)

Қатысты Мақалалар