АҚШ пен Ұлыбритания: Ресеймен дипломатиялық келісімге келуге үміт бар

/image/2022/02/15/crop-7_2_342x577_boris-biden-putin-1549711.jpeg

АҚШ пен Ұлыбритания көшбасшылары Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге деген үміт әлі бар екенін мәлімдеді, бірақ жағдай әлі де қауіпті екенін ескертті.

Телефондағы 40 минуттық сөйлесуде Джо Байден мен Борис Джонсон жақын арада болатын Ресейдің шабуылы туралы болжамдарға қарамастан, дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу әлі де мүмкін болатынына келісті.

Ресей Украинаның шекара маңына 100 мыңнан астам әскер орналастырғанына қарамастан, Мәскеу шабуыл жоспарын үнемі жоққа шығарып келеді.

Германия канцлері Олаф Шольц бүкін кеште Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Неміс басшысының сапары "ықтимал шабуылдың алдын алатын дипломатиялық күш-жігердің бір бөлігі" деп сипатталуда.

Шольц дүйсенбі күні Киевте Украина президентімен кездесіп, ресейлік әскерилердің шекара маңында күшеюіне "ақылға қонымды негіз жоқ" деді.

Әлемдік көшбасшылар Украинаға қатысты қазіргі дағдарысты бәсеңдету үшін дипломатиялық келіссөздерді жалғастыруда. Бірақ әзірге олар ешқандай келісімге қол жеткізе алмады.

Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Талаптар бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.

Батыс елдері мұны қабылдамады, оның орнына келіссөздердің басқа салаларын, мысалы, ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерді ұсынды.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
  • Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
  • Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
  • АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
  • Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
  • АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
  • Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
  • АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
  • Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
  • Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
  • Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
  • Макрон шиеленісті бәсеңдетуге кепілдік бар екенін мәлімдеді.
  • НАТО: Бұл Ресейдің Киевті басып алуға дайындығы.
  • "Ондаған мың әскер қатысады". Бүгін Ресей-Беларусь біріккен әскери оқу-жаттығулары басталады.
  • Ресей, Украина, Франция және Германия ешқандай келісімге қол жеткізе алмады.
  • Мәскеу көрші Беларусьпен жаппай әскери жаттығуларын бастады.
  • Украина Ресейді "теңізге шығуымызға тосқауыл қойды" деп айыптады.
  • Байден Украинадағы америкалықтарды дереу елден кетуге шақырды
  • Байден: Бұл бұл дүниежүзілік соғыс болады. Біз бұрын-соңды мүлде болмаған басқа дүниеге тап болдық.

  • Вашингтон Ресейдің 20 ақпанда Украина шекарасын бұзатынын мәлімдеді.
  • Германия канцлері Украинаға барды.
  • Германия канцлері Олаф Шольц сейсенбі күні Мәскеуге барады.
  • "Киевке бірнеше минутта бомба түсуі мүмкін". Ұлыбритания өз азаматтарына ескерту жасады.
  • "Соңғы келісімдер". Германия канцлері бүгін Мәскеуге барды.
  • Ресей: Шиеленісті дипломатиялық жолмен шешудің мүмкіндігі әлі де бар.
  • Ресей Қорғаныс министрлігі Украинамен шекарада орналасқан кейбір әскерлер оқу-жаттығуларды аяқтағаннан кейін базаларына оралып жатқанын хабарлады.
  • Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "Кобра" шұғыл жиналысын өткізбек.
  • Еуроодақ Мәскеудің қауіпсіздік мәселелерін талқылауға дайын екенін айтты.
  • АҚШ пен Ұлыбритания: Ресеймен дипломатиялық келісімге келуге үміт бар.
 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар