Аннотация: Бұл мақалада миф–дін–философия негзінде қалыптасқан ұлттық наным-сенімін қытай әдебиетіндегі көрінісін роман жанры арқылы дәйектеу. XIV-XVIII ғасыр Қытай әдебиетіндегі 神魔文学流派 тенденциясы сөз болады. Қытайдағы дәстүрлі діндер, ежелгі философиялық көзқарастар, сонмен бірге Қытайға сырттан кірген Будда, Ислам діні және мифтің У Шыңынның фантастикалық, қиял-ғажайып, көп тараулы әйгілі романы «Батысқа сапар»дағы бенеленуі зерттелген.
Ұлт мәдениет тарихын зерттеуде сол ұлтты құраған этникалық топтарды, көшіп-қонған басқа халықтарды, олардың дінін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, этнографиясы жақтарынан зерттеуге тура келеді.
Ежелгі қытайларда жалпы адамзатқа ортақ көзқараста болды, айталық; әлемнің жаратылысы, қоршаған ортаның ықпалы, тәңірге табыну, көп құдайлылық, (от, су, жаңбыр, боран құдайлары) ата-баба аруақтарына сиыну сынды сенімдерде болды. Уақыт ағымымен өзге өркениетпен тікелей және жанамалай араласты, өз аумағындағы әртүрлі тайпалар мен халықтардың мәдени дәстүрінің интеграциясы процесі жүрді, осылардың нәтижесінде өзіндік қытай өркениеті қалыптасты.
Ежелгі қытайлықтардың фетишизм, тотемизм, анемизм және магия сияқты көне наным-сенімдері болды. Сонымен бірге Чжоу дәуірінен бастап патша–Көк тәңірінің ұлы болып саналды және бұл мәртебе Қытай билеушісінің еншісінде деген түсінік ХХ ғасырға дейін сақталды /3.174б/.
Жауласқан бектіктер дәуірі (б.ж.б 475-221ж ) «Қытай философиясының алтын ғасыры» саналды, онда ежелден қалыптасқан қытайлық құндылықтардың орнына, жаңа философиялық ілім пайда болды. Олардың ең бастылары Конфуций негізін қалаған ружия ілімі, Лау Зы негізін қалаған даосизм, Хан Физы негізін қалаған легизм осы үш бағытта тоғыз үлкен ойшыл халықтың санасын жаңартты.
Біздің мақаламыздың негізгі жүгі болып отырған У Шыңын жазған «Батысқа сапар» романы Будда дінімен тікелей байланысты. Будда діні Қытайда б.э. І-ІІІ ғғ. тарала бастады. Қытайдың билеуші топтары жаңа дінді ІV ғасырдан бастап мойындай бастады. VІ ғасырдан Х ғасырға дейін Будда діні Қытайда мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілді /3.175б/. Таң билеушілері Будданның Тяньтай мектебін “империяның саяси құралы” деп қарап, оған жан-жақты қолдау көрсетіп отырды. Онда дүниедегінің бәрі – бір орталыққа, дін жағынан – Буддаға, империяда – билеушіге қарай тартылады. Хуаянь ілімі ортағасырлық қытайлық философияға өз ықпалын тигізді: осы ілімнің бір түсінігі – ли – заң, принцип, идеал ұғымын конфуциандық ілімін уағыздаушылар өздеріне қабылдады /3.185б/.
Таң патшасы Таң Тайзұң 629 жылы патша өзінің құзіретін ұзарту мақсатында Шуан заңды Индияға Будда канондарын алып келуге жібереді, 644 жылы 657 бума Будда номдарын алып еліне оралады, көрген-білгенін патшаға айтады. Сол кезде оның шәкірті Биянжи қағазға түсіреді, оны “Таң кезіндегі батысқа сапар” деп атайды. Ұстаздары қайтыс болған соң екі шәкірті “ұлы мейірімді Сан Заңның аңызы” деп қайта жазып шығады. Сол себепті романды У Шыңын жазған жоқ дейтін уәж де бар. 1920 ж. Лу Шүн мен Ху Шылар бір ауыздан жазушы У Шыңынды осы романның авторы деп бекітті /2.128б/
Жазушы У Шың 1501-1582 аралығында жасаған, шын аты Шужоң, лақап аты Шы Яаңшанрын, бұрынғы Шан ян, қазіргі Жияңсудың Хуйяң ауданының адамы. Әкесі У Шүй, шын аты Зы янши, аумалы төкпелі саяси жағдайда өмір сүрген, ұсақ саудагер адам болған. У Шыңын кішкентайынан қиял-ғажайып ертегі-аңыздарға қызығып өскен, атақты ойшыл Гымудың кітаптарын көп оқыған.
1550 жылы 50 жасында Бейжіңге келіп Кіжүй емтиханына қатысып, жолы болмайды, 6 жылдан соң кедейлік салдарынан өз туған жері Хүйанге келіп монах болады, 60 жасынан кейін Хаңжоуға кетеді, өмірінің соңына дейін сонда тұрады. “Батысқа сапар” 1592 жылы жазған, жалпы кітап (20 бума) 100 тараудан тұрады /2/.
Романда Қытайдың ежелгі аңыз-әңгімелері мен мифтерінде кездесетін кейпкерлердің бейнесі және ежелгі қытайлық діннің фетишизм, тотемизм, анемизм және магия сынды көне наным-сенімдері, Дао, Конфуций, Моди, Будда, Ислам діні негізінде қалыптасқан ғажайып кейіпкердің халық арасындағы бейнесі көрініс тапқан. У Шынынның «Батысқа сапар» романы – ХVІ ғасырдан бері дүниенің түкпір-түкпіріне кеңінен таралған ең үздік шығарма және мифтік роман болып саналады. «Батысқа сапар» романы күні бүгінге дейін оқырманын жоғалтпаған, көрген сайын, оқыған сайын жаңа бір қыры ашылатын балаларға да, ересектер талғамына да сәй келетін, жас талғамайтын тамаша туынды. Алғаш рет киноға айналып 1967 жылы Гонконкта оқырманға жол тартқаннан, қазірге дейін 10 шақты рет қайталай киноға түсірілген, драмалық сахнада сансыз рет қойылған, балаларға арналып мультфильм де түсірілді /4/. Қытайдағы барлық әлемдік діндер, миф, философия «Батысқа сапар» романында тоғысқанын анық аңғарамыз және сол замандағы феодалдық қоғамның шындығын, адамдық қатынасты, мораль-этикесін жеткізу үшін ойдан да жазушылық қиялмен жалған мен шынды шебер жалғаған.
Романда Қытайдың Таң династиясының Будда ғұламасы (Дхармакария) Шуанзаң (Санзаң) мүриттері Сун Укүң, Жу Бажие Ша Сыңдардың қорғауымен батыстағы Үндістанға барып Будда номын алып келген шын тарихтың негізінде жазған, ал шығарма сюжетін кейпкерлердің жолда көрген қиыншылықтарын қытайда ежелден бар және кейіннен пайда болған және тағы басақ ұлттық наным-сенімердің негізінде қиыстырып жазып шыққан.
«Батысқа сапар» атты романда адам айналасындағы көзге көрінбейтін, сезе де бермейтін тылсым әлемді, көз алдымызға жанды түрде суреттейді, ақыл жетпейтін шексіздікті көркем шығармада бейнелеуге тырысады, шынмен өмірде адам баласының барлық ісі осы көзге көрінбейтін тылсым әлеммен тікелей және жанамалай байланыста болатындығын ашықтайды.
Романдағы бас кейпкер Шуан Заң (602-644) – тегі Чын, аты Хүй бұрынғы Ло аймағы, қазіргі Хынан өлкесінің адамы, буддизмді бойына сіңірген ұстаз, қытайлық буддистік ағымын қалыптастырған, тақуа ұстаз. Романда оның аты Таң санзаң немесе Таңсың деп жазылады, ол өте ілтипатты, тұла бойынан ізеттіліктің исі аңқыған, аңқау да адал, астына ақ боз ат мініп жүреді. /5/
Таң заманында Буддистік мектептер пайда болды. VI ғ. негізі қаланған философиялық синтез мектебі Тяньтай сектасы деп аталды. Тяньтай сектасы Будда әрбір ұсақ нәрседе, әрбір адамның бойында өмір сүреді, дүние біртұтас әлем, әрбір зат пен құбылыс өзара байланысты және олар бір сипаттан екіншісіне өтіп отырады, дүниедегі тіршілік атаулының бұл дүниеде өзін-өзі құтқару мүмкіндігі бар деп түсіндірді./3.178/ Осы көзқарастың негізінде романдағы екінші бас кейіпкер Сун Укүң суреттеледі, ол Хуаго тауындағы маймылдар патшасы, шын аты Сүншиңжы. Бастан-аяқ алып дию-пері, жын-албастылар жағынан және жол қиындығынан 9981 рет түрлі кедергіге тап болады. Осының бәрінде Сун Укүң ерекше өнерімен, ерекше қасиетімен жол табады, ол 72 рет өз бейнесін өзгертеді. Әділдік сүйгіш, еркіндік аңсағыш өте жағымды, ұстазына адал кейпкер ретінде сомдалған.
Романдағы үшінші бас кейіпкер Жу Бажие күнадан тыйылған адам бейнесінде көрсетіледі. Басы доңыз, денесі адам тәрізді. Ол өте ақкөңіл, ұсақ күнә жүреді, ұстазға адал.
Романдағы төртінші кейіпкер Ша Сың тағы бір аты У Жиң, Лю Ша өзенінің жағасындағы жын. Ол тек бар жүкті көтеріп жүретін, қиын жағдайда көмек қолын беретін, ұстазына адал болып, оның ақ боз атын жетелейді /8/.
Қытай тарихшыларының мәліметтері бойынша, мұсылмандар 618-907 жж. Таң әулеті билікке келген алғашқы жылдары қазіргі Шинжияң жері арқылы келсе, ал оңтүстік-шығысында мұхит арқылы Гуаңжоу қаласына келген. Бұл кезде Қытайға Ислам дінін таратушылар арабтар мен парсылар еді.
Қытай Таң дәуірі кезінде Орталық Азия, Согдиан аймақтары, араб елдерімен тығыз байланыста болған. 742 жылы Қытайдың астанасы Чанъань қаласында (қазіргі Сиань) атағы елге жайылған мешіт, кейін тағы Үлкен Сиань мешіті соғылды [3.189 б]
1271-1368 жж. моңғолдық Юань әулеті билігі тұсында Қытайға жауынгерлер емес, саудагерлер, дін уағыздаушылар, сонымен бірге атақты мұсылман отбасының өкілдері көшіп келген. Миң әулеті Юань әулетінің салып кеткен жолын әрі жалғастырды. Осы әулет тұсында мұсылмандар арасынан бірқатар қоғам қайраткерлері, көрнекті қолбасшылар, ақындар шықты. Қытайда дінге еріктіліктің бұрыннан терең тамыры жайғанын айтуға болады. Мұсылмандар пайда болғанға дейін сань-цзяо (буддизм, даосизм, конфуциандық) – 3 ілім арасында өзара талас болды /3.189б/.
Бірақ қытайлар дінге келгенде, жеңімпаз не әлсізі деп бөле-жар қараған жоқ: мысалы қытайлық адам бір мезгілде даостық та, буддистік те храмдарға еш қамықпастан кіріп, шырақ жағып, тілек тілеп жалбарынады. Осыдан қытай халқында жиі мынадай фразеологизм қалыптасты: «Қытай даос болып туады, конфуциан болып өмір сүреді, буддист болып өледі» /3.196б/.
Миң патшалығының соңғы кезінде дию-пері, жын-шайтан, аруақ сияқты тылсым күштерді қатыстырып 神怪小说(фантасикалық, қиял-ғажайып) роман жазу Жиячиң патша тұсында өз бигіне жетті. Қытайдың дастүрлі діндері және Даужияу (даосизм), Ружия (конфуцийшілдік), Заңшыдық көзқарастары, сонымен бірге сырттан енген Будда, Ислам діні қытайлық өркениетте көрініс тауып, олардың ұлттық сана-сезіміне сіңіп әдебиетте көрініс тапты. Шүй Жоңлин мен Лушишың жазған “Пың Чын яни”, Ли Шужин жазған “Жиң Хуаюан” романдары және Пу Сұңлиң жазған Лияужай аңыздары осы бағытта жазылған. Ал бұл кезде христиан діні әлі Қытайға толық тарала қоймаған болатын /9/.
«Батысқа сапар» романын оқып отырып Сун Укүңның сан бейнеге өзгеруі, барлық қиыншылықта оның ақыл табуы, кез елген жерге көз ілестірмей барып келуі Құрандағы Нәмл сүресі №16-40 аяттарын еріксіз есіңе салады, Сүлеймен (ғ.с) әкесі Дәуіт(ғ.с) тің пайғамбарлық пен патшалықта мұрагері болды, оған құстардың тілі үйретілді және бар нәрсе тиеселі болды.
Сүлеймен (ғ.с) бір күні жындардан, адамдардан, құстардан жасақталған қалың әскер оның қолбасшылығында темірдей тәртіппен сап түзеп алға қарай жылжып келе жатты. «Құстардың ішінен һүдһүдті (бәбісек) көре алмадым, ол өз бетімен бір жаққа кетті ме? Себебін түсіндірмесе оны қатты жазалаймын» дейді.
Көп ұзамай бәбісек ұшып келеді, Сүлейменнің дәргейіне бас ұрып, жоқ болған себебін былай жеткізеді, «Сәба жерінде бір әйел патшалық құрып елді билеп отыр екен, оның әйел патшасының астында үлкен тағы бар екен, соған қарағанда оның билігі бекем, пәрмені күшті көрінеді. Алайда олар мына әлемді жаратқан Аллаға емес, Күнге табынады екен, шайтан оларға өз істерін дұрыс көрсетіп қойыпты, олар өздігінен тура жолға келмейді деп соған сіз оларды тура жолға шықырыңыз» деп өтініш жасайды.
«Сен мына хатты алып олардың патшасы мен кеңесшілерінің алдына таста да, жауабын алып кел» дейді. Әйел патша уәзірлерімен хатты оқиды, ақылгөйлері «біз сіздің қандай шешіміңізге болса да дайынбыз» деп бар шешімді патшаның өзіне қалдырады, патша ойланып елшілерін жібереді. Сүлеймен пайғамбар Балқис патшаның әкелген тарту-таралғысын ескеремейді, «маған Алланың берген нығметі әлдеқайда қайырлы әрі көп, сендер біреуге берген және алған нәрсеге мәз боласыңдар,патшаларың бағынсын, болмаса еш төтеп бере алмайтын қалың әскеріммен еріксіз бағындырамыз» дейді.
Әйел патша Сүлейменге кеңесшілерімен бірге жолға шыққанда, Сүлеймен патша кеңес құрып: Уа, игі жақсылар! Олар менің алдыма келгенше, кім әйел патшаның тағын осы жерге алып келеді» дейді. Сонда жындардың ең мықтысы: сіз осы кеңесті бітіргенше сол тақты алдыңызға әкелемін дейді, сол сәтте Илаһи кітапты терең меңгерген ерекше ілім иесі: мен сол тақты көзіңізді ашып жұмғанша әкеліп беремін дейді, әлгі тақ Сүлеймен пайғамбардың дәл жанында тұрады /1.378-380 б/.
Демек Сун Укүңды осындай әулиенің кейпінде суреттеген, әулиеде мекен, уақыт кедергісі болмайды, олар барам деген жеріне барады, келем деген жеріне келеді. Ал оның ұстазы Таңсың өте білімді, білім оның жанына (рухына) сіңген кемел тұлға, ұстаз бен шәкірттің ортасындағы терең сүйіспеншілік көрініс береді. Таңсың ұстаздың бүкіл болмысы арқылы буддистердің немесе Қытайдағы барлық дін адамдарының нақтылы шын тұр тұлғасын сол арқылы сомдайды.
Тағы бір кейіпкер Жу Бажие (猪八戒) мұндағы атының өзі кездейсоқ емес, жазушы әр кейіпкері үшін өте қатты ойланған. Қытайдың қазіргі заман атақты жазушысы Лу Шүн (1881-1936) шашын төбесіне түйіп жүретін, төңкеріс жасауды білмейтін кейіпкеріне қытайша иероглиф пен латынша “АQ” деп ат қоюы, ондағы “Q” әрпі төбесіне шаш қойған, немес ескі қытайдағы шашын өріп төмен түсірген әпербақандарды бейнелейді, сол сияқты жазушы У Шыңын жайдан-жай Жоу Бажие猪八戒 деп алмағаны айдан анық. Жазушының асқан руханияттың билігінде өмір сүргенін байқау қиын емес, мұндағы猪 (zhu, жу) иероглифі “шошқа, доңыз” дегенді білдірсе, 八 (ba, ба) иероглифі “сегіз” дегенді білдіреді, 戒 (jiе, жие) иероглифі “тиылу, күнадан тиылу” дегенді білдіреді.
Қытайлар ежелден туылған баланы бөтен адамға көрсетпей, атын да ешкімге айтпай, есейгенге дейін бірнеше түрлі ат қояды, бұл балаға тіл-көз тиеді деген наным-сенімнен. Ал Исламда бала туылғаннан қырқынан шыққанша бөтен кісіге көрсетпей бағады, себебі нәресте періште саналады, ол кез-келген адамды өз бейнесінде көреді, оның көзінде күнә пердесі жоқ. Адамды Алла тағала жаратқанда ібіліс «жер бетінде күнә жасайтын қауымды жаратпақсың ба» деп такапарланады.
Алла тағала «ол менің жер бетіндегі халифатым, олардың дәрежесі сенен де періштеден де жоғары» дейді.
Қадір түні тағы басқа қасиетті күн мен түнде көктен періштелер түскенде, Жаратушының өз мойнындағы парыздарын өтеп жатқан тақуа құлдарын ғана өз адам бейнесінде көрсетіп, қалған күнада жүрген адамдарды күнасының деңгейіне қарай сан түрлі мақұлықтың бейнесінде көрсетеді, демек кейбір адам ит формасында болса, кейбір адам қасқыр бейнесінде, кейбір шошқа бейнесінде періштелерге көрсетеді.
Ал нәрестенің жанынан 40 күнге дейін бір сәтке адам кетпейді, себебі жын-шайтан иектейді, оны да бала өз бейнесінде көрсе жүрегі шығып кетеді деп қарайды.
Демек Жу Бажие үлкен 8 күнадан тиылған адам, бірақ адам табиғатында күна жасау бар, адам нәпісі қашанда жамандыққа артып тұрады, соның салдарынан Жу Бажиені ақ көңіл кәдімгі жердегі жай адамдардың типтік образы ретінде сомдайды, романда ол қашанда жақсылық жасап жүріп, күнаға ұрынады, сондықтан да оның шын бейнесі күнасына қарай шошқа типінде алған. Солай болса да оны ешкім жек көре алмайды, себебі ол жақсылықа ұмтылады, адалдыққа жаны құмар, қамқор, жанашыр, деседе күнасыз жүре алмайды. Ол бір сұлу қызға ғашық болып соның соңында жүреді, қыз оның кейпінен қорқып қашып жүргенде, сапарда келе жатқан Таң ұстаз бен Сун Укүң, Жу Бажиенің ішкі әлемін біліп ол ғашық сулу қыздың бейнесіне еніп, өз артынан ертіп жүріп ақыры дегеніне көндіріп қатарына қосады /9/.
Қытайлардың жын-шайтаннан қорқатыны сондай атеистік қоғам толық орнағанға дейін түнде далаға шықаннан қорыққан. Адамды Алла жаратқанда «ібіліс сенің тура жолыңда жүрген адамды алдынан шығып қияметке дейін азғырып отырамын» деген, «тек менің азғыруымнан өте ықыласты тақуалары болмаса, дерлік менің соңымнан ереді» деген. Шығармада патша Индияға Будда номдарына жұмсағанда бүкіл өнерді меңгерген бұтханадағы маймылдардың бұрынғы патышасы Сун Укүң жол серік болып бірге шығады, себебі оның өнері сондағы адамдардың бәрінен үстем болды, оның Буддист храмында бар өнерді меңгерткен алғашқы ұстазы Шүй Пити бұл сапардың аса маңызды әрі қиян-кескі күрделі екенін білетін, себебі рухани сапардың солай болатына ол жақсы білген.
Сун Укуңды өте ықыласты тақуа ұстаз Таң Сыңға қосады. Шынымен да адамдар мен жындар ортасындағы 9981 рет қиыншылықта ол ересен өнерімен бәрінде дию-перілерді жеңіп отырады. Оның жын-перілердің ішіне еркін кіріп-шығуы, бұлтардың үстінде ұшып жүруі, жердің асты мен үстінде бірдей кезеді, мүлде шамасы келмей қалған тұстарда қосымша кейіпкер етіп пуса құдайларын көмекке шақырады.
Романдағы төртінші бас кейпкер Ша Сың тағы бір аты У Жиң, Лю Ша өзенінің жағасындағы жын. Сапарды жалған Таң ұстаз, Жу бажие, Сун укүң келе жатып алып Лю Ша өзенінен өта алмай дағдарады, сол кезде Ша Сың шабуылға шығады, сонда айлакер У Сың оны дегеніне көндіріп қатарларына қосады. Ақ боз ат ең алғашқы монахтың қытай жеріне мініп келген сәйгүлігі ретінде және жындардың атының түсі ақ болады деген түсініктің негізінде ақ түсті атты Ша Сыңның жетктеп жүруі соның нышаны іспетті.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір арнасы – миф, аңыз-ертегілер бір ұлттың дүниетанымы, ой-өрісі, діні мен ділі, тарихы мен этнографиясы, салт-дәстүрі және мәдениетінің көзі, бастауы, айнасы. Сонау ықылым заманнан рухани қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізді. Аңыз-ертегілер халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін, тарихын, қоғамдық өмірін суреттейді, өзінің даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшырады, әрбір тарихи кезең ерекшеліктерін, қоғамдық ой-сана мен көзқарастарды өз бойына жиды/10/.
Миф, аңыз-ертегілерді ойдан шығарылған дүние деп қарауға болмайды, керісінше, құрылымы жағынан ең қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туынды деп қарауымыз керек. Онда көзіміз көре алмайтын, құлағымыз ести алмайтын, тек жүрекпен сезінетін, материалдық әлемде шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті көрінісі баян етіледі.
- Аспан мен Жер арасындағы тіректің бар сыр-сипатын түсініп болдық деуге бола ма,
- Тіршіліктің түп бастауы қайда, ол қалай шалқар арнаға айналды ?
- Бастауы бар құбылыстың ақыры да болар ма?
- Дүниеге осынша сындарлы сипат дарытып отырған күш қандай ?/10/.
Міне, осы сұрақтардың жауабын іздемес бұрын тарихқа көз салсақ, Қытайдың Даду (Бесбалық) Бейжің қаласын 1271 жылы Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалың әскерімен басып алып, Юан империясын (元朝) құрды, сөйтіп 279 жылы қазіргі Қытай территориясының негізі қаланды. Осы кезде Қытайда жаңа әдебиеттің де негізі қаланды, атақты Гуан Ханчиң, Уаң Шыфу, Бай Фу, Ма Жыюн қатарлы өз заманының озық драма жазушылары әдебиетке басқаша сарын алып келді, сахналық жаңа жанрдың аты “аралас драма” (杂剧) деп аталды, онда бастан-аяқ жазушы жалықпай жұмыс жасайды, яғни шығарманы өзі жазады, сахнада барлық кейіпкердің образына өзі кіреді, демек өзі сценарист, өзі режиссер, өзі актер болады. Осы кезең Қытай әдебиетінде сахналық шығармалардың алтын ғасыры саналады, бұл қаламгерлер әдебиеттегі “шындық пен жалғанды (幻与真)” жаңаша жалғады, халық арасына кең тараған аңыз, мифтерді өз шығармаларында сол күннің шындығымен өте тамаша ұштастырды.халық арасына кең тараған аңыз, мифтерді өз шығармаларында сол күннің шындығымен өте тамаша ұштастырды. Гуан Ханчиңның “Ду Ының обалды өлімі” шығармасында қарызын қайтара алмаған байғұс жесір әйелдің сұлу да ақылды, ақкөңіл қызы Ду Ынды зомагер байдың тартып алғаны, соңында Жаң Лүйер менің әкемді өлтірдің деп жала жапқаны, мойындамаса шешесін өлтіреміз деп қинап мойындатады, сол кездің сотымен оны дараға асу шешім шығарады, өлім алдында Ду Ының тәңіріне жалынуы, “қатарына үш жыл қуаңшылық болып, адамдар қиналсын” деп тілеген қыздың тілегі қабыл болады. Жас қыздың рухы халық арасына қайтып келеді, ең соңында шындықтың беті ашылуы тамаша суреттеледі. Міне осындағы өлген адам рухының қайта келуі, өлер алдындағы тәңірге жалынуы, оның тілеген тілегінің орындалуы шығармада көрініс береді. Жазушы бұны “Дұңхай теңізі әйелі” атты мифтің негізінен алса да, сол қоғамдағы әйелдер тағдырының шындығына ашына отырып, көркем шығармада тамаша жеткізеді. Уаң Шыфу да “Иың иың” аңызы негізінде “Батыс құжырдағы махаббат” деген драмасын жазады, онда Жаң Шың, Иың Иыңның махаббаты сөз болады, жеңгетайлыққа жүрген Құң Нияң мен қожайын Лау Пу ортасындағы қиян-кескі күрестері, онда феодалдық неке заңы, отбасылық зомагерлік, қызбен жігіттің махаббатына кедергі болуы, соңында рухтарының қосылуы сөз болады, сондағы Құң Нияң сөзі қыз бен жігіттің арасын жарастыратын термин ретінде әлі күнге қолданылады. Демек осы кезеңнен кейін 1368-1644 жылдар аралығындағы 277 жылдарда Манчжурлар Қытайда билікке келгенімен де Конфуцийшілдіктен бас тартқан жоқ, қайта өз биліктерін сол арқылы күшейтуге тырысты, оған көп көңіл бөлді. Юан кезеңінде қалыптасқан神魔文学流派(қиял-ғажайып, фантастикалық шытырман оқиға) желісіндегі шығармалар өз жалғасын тапты, Юандағыдай аралас драма емес, ұзақ романшылдыққа ұласты /2/.
Миң патшалығының бастапқы кезінде атақты этнограф ғалым, жазушы Ло Гуанжүң Қытайдың өткен тарихындағы аңыз-әңгімелерін халық арасынан жинақтады, соның негізінде атақты 4 романның бірі саналатын “Үш патшалық қиссасы” романын жазды, оған іле-шала екінші “Су бойында” романын Шы Найан жазды, үшіншісі біз сөз еткелі отырған “Батысқа сапар” романын У Шыңын жазды, төртіншісі қытайлардың бас кітабы саналатын Цау Шуечин жазған “Қызыл сарайдағы түс” романы. Бұлардың барлығы да – үлкен “руханият шеңберінде” жазылған ғажайып роман болып саналады /12/.
Қиял-ғажайып романдар сол кезде Жапонияда да сондай жоғары өрлеу сатысына көтерілді. Бұл жанрдың қиял-фантастикалық жағы басым, мазмұны сан алуан түрлі, адамды өзіне баурау қуаты күшті, романтикалық стильге ие, бас кейіпкерлері халықшыл, жұртына адал адам ретінде суреттелді. Қытай классикалық аңыздары тұлғалардың қоршаған ортаны бағындыру және оның сырын ашу ерліктері негізінде жазылған.
Миф аңыз-ертегілердің
- жұртқа тез тарайтындығы
- сол дәуірдің идеологиясына айналатындығы
- оның жергілікті, ұлттық түске боялатындығы
- мазмұндылығы,
- бір ұлт, халық мәдениетінің көрсеткіші болатындығы,
- сол ұлттың дүниетанымы,
- мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, ділі;
- нақты уақыт білдірмейді
т.б. да ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады /10/.
Осыдан Миф аңыз-ертегілердің уақытқа бағынбайтынын біле аламыз.
Қытайда XIII ғасырдың соңғы жартысында басталған қиял-ғажайып дию-перілер әдебиеті XIX ғасырдың басына дейін жалғасты, кейін 1857-жылғы христиандық миссионерлердің діни ықпалы Қытай әдебиетін басқа арнаға бұрды. Уан Фу аударған Дарвинның “біртіндеп даму теориясына” бүкіл Қытай зиялылары уланды, іле-шала Россиядағы Қазан төңкерісінің салдарынан Қытайда “коммунизм желі” азынап соқты, жаңа жастар журналының төңірегінде ұлтшылдар, аристократтар, коммунистер, еуропашылдар жиналды.
Дегенмен жеңістің жемісін коммунистер көрді. “Батысқа сапар” романын коммунистер атеист болса да, өз мүдделері үшін әдемі пайдаланды, олар романдағы Сун Укүңды коммунистердің көсемі ретінде қабылдады, ал Жу Бажиені жай қарапайым жер емген сауатсыз халық өкілі деп білді, ал қарсы беттегі жын-шайтандарды Миң династиясы кезіндегі іріп-шіріген билеуші топас тоғышар, шонжар шенеуліктердің типтік өкілі, олар феодалдық жүйеде халықты сол романдағыдай сансыз қинаулардың астына алды деп түсінді, оларды тек Сун Укүң сияқты батырлар жеңеді, бүгінгі комунистердің типтік образы деп дәріптеді /9/.
Адам жаралғаннан күні бүгінге дейін бір тылсым күшті іздеді, ең алғашқы адамды кім жаратты, оның ата-бабасы қандай, аспан мен жер екеуінің ортасындағы жүгірген аң, ұшқан құс, біздерді қоршаған орта кез-келген есі дұрыс адам баласын ойландыратын іс. Қытайдың атақты отаншыл ақыны Чүй-Юан (屈原) (б.з.д.340ж.-б.з.д.278ж.) осы сұрақтарды өзіне қойып “көкке сұрақ” поэмасын жазған/6/, бұл барлық ұлтта, барлық адамзатта болған сұрақ, осы сұрақтардың жауабын әдебиет бер алады. Осы шындық “батысқа сапар” романында өте жақсы бейнеленген.
Абдурақын Нұрхалық,
Әл-фараби атындағы Қазақ-ұлттық унверситеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы.
Қазақстан, Алматы
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Әкімханов А., Анарбаев Н. Құран кәрім қазақша түсіндірмелі аударма.- Алматы, “Көкжиек баспасы”,2015
2.Юан Шиңфи. Қытай әдебиеті тарихы. (2-басылым) Жоғары педагогика баспасы. – Бейжің, 2007.
3.Алдабек Н.А.., Түргенбай А.Ә.. Қытай діндерінің тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017
4.Уаң Фихұң. Қытай әдебиетінің қысқаша тарихы. Жилин университеті баспасы. – Чаңчүн, 2010.
5.中国古代文学(上册)姜光斗主编-上海:华东师范大学出版社2009. 517页
6.Ахметбекқызы С. Қажыкенова « Қытай әдебиетінің хрестоматиясы»
7.Абдурақын Н. Гау Лимиң Көне Қытай әдебиетінің хрестоматиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013
8.中国古代文学(上下册) 蒋人杰主编-北京:高等教育出版社1997. 523页
9.大学语文导读 徐绍建主编-武汉: 武汉大学出版社 2003年
10.Абдурақын Н. Қытай мифтері. – Алматы: Қазақ университеті, 2012
11.张明非主编。中国古代文学作品选, 广西师范大学出版社,2004
12.郭预科衡主编。中国古代学史 上海:«上海古籍出版社», 1998
13.钱华,刘德联主编 ,中国古代诗歌选读// 北京大学出版社 - 2004.- 231
14.吴承恩 西游记长篇小说 北京 金盾出版社。1997 全套两册